BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Храпуновтардың ісі Алматы сотында қаралады

Храпуновтар Алматыда сот алдында жауап беретін болады. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық прокуратура қазір Виктор мен Лейла Храпуновалардың мен А.Ильясовтың және 9 тұлғаға қатысты істі сотқа жіберді.

«Храпуновтар мен Ильясовтың Қазақстанда болмауына және олардың прокуратураға келмеуіне байланысты айыптау актісінің көшірмесі олардың қорғаушыларына берілді», - деді қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Биыл 15 және 27 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы айыпталушылардың іс-әрекетіне баға беру үшін келу міндетті екендігін хабарлаған болатын. Алайда олар белгіленген уақытта келмеген.

«Бұл тұлғалар мемлекет мүлкін тонау, алаяқтық, қызметтік лауазымын асыра пайдалану, пара алу, тоналған мүлікті заңдастыру бойынша айыпталған. Мемлекетке 250 млн АҚШ доллары көлемінде шығын келтірілген. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 335-бабы бойынша, Қазақстанда қылмыстық істе сотталушы жоқ болған жағдайда әрі келмегенде, сот процесі сотталушысыз өтеді», - деді баспасөз қызметінен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер