BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

ХҚКО-ға Telegram арқылы кезекті брондауға болады

Фото: ашық дереккөзден

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен ҚР Әділет министрлігі @EgovKzBot Telegram-ботында жаңа үш қызметтің іске қосылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен, Telegram көмегімен азаматтар келесі қызметтерді сұрата алады: «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондау; «Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы» анықтама беру; «Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы» анықтама беру.

Осылайша @EgovKzBot Telegram-бот арқылы қол жетімді қызметтердің саны 13-ке жетті.

Нақтырақ айтқанда, бот арқылы пайдаланушылар мекенжай, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы, сотталғандығы болуы не болмауы туралы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы, тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы, заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтамаларын сұрата алады.

Айта кетейік, @EgovKzBot іске қосылған сәттен бастап (21.05.18) 11 мыңнан астам (11022) жазылып, дәл сондай санда (11151) қызметтерге сұрау салған.

«@EgovKzBot арқылы көрсетілетін қызметтердің саны бұдан әрі көбейеді. Барлық танымал қызметтерді осы платформаға көшіруді жоспарлап отырмыз. eGov.kz порталының белсенді пайдаланушылары мен басқа да азаматтарды бот мүмкіндерін қолдануға шақырамын. Өйткені шынымен де оңай әрі тез», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Естеріңізге сала кетейік, қызметті алу үшін «Мобильдік азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзінің гаджетінде, Telegram мессенджердегі ботты іске қосу жүзеге асырылады. Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер