USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Хабиба Елебекова 100 жасында дүниеден озды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр өнері майталманы Хабиба Елебекова 100 жасында дүние салды, деп хабарлайды Baq.kz.

Хабиба Қарақбайқызы Елебекова – 1916 жылы 16 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылында дүниеге келген.

1934 – 35 жылдары Қарқаралыдағы жергілікті халық театрында қызмет істеген.

1935 жылдан Қазақ драма театрында актриса.

1935 – 37 жылдары осы театр жанындағы студияны бітірген. Елебекованың театр сахнасында сомдаған алғашқы рөлі – Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» спектаклінде Қарагөз рөлі. Актрисаның ойнаған рөлдерінің жалпы саны 100-ден асады. Олардың ең көрнектілері — М.Әуезовтің «Абайындағы» Қанікей, Ұлжан, «Қарақыпшақ Қобыландыдағы» Күнікей, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуындағы» Мақпал, Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің «Амангелдісіндегі» Қырмызы, Б.Майлиннің «Майданындағы» Мамық, Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуіндегі» Айғаным, Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланындағы» Айнаш және т.б.+

Сондай-ақ, Елебекова – белгілі әнші, өз жұбайы Ж.Елебеков туралы «Үні кетпес құлақтан» (1981), «Ән-Аманат» (1989), «Қайран Жүсекем» (1998) кітаптарының авторы.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады