BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Гүлжан Қарақұсова: Қазақ тілін үйрене беремін

Осыған дейін мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова қазақша сұхбат беремін деп әлеуметтік желіде күлкіге қалған. Алайда ол соған қарамастан қазақ тілін үйрене беретінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақ тілін үйрене беремін. Бірақ тілді үйреніп жүргенім үшін қолдау керек. Енді ғана (қазақ тілін үйренуді – автор) бастадым. Неге? Себебі, 50 жыл бойы мен орыс тілінде ойлап, оқып, жұмыс істедім», - деді Мәжіліс отырысынан шыққан депутат.

Естеріңізге сала кетейік, оған дейін Гүлжан Қарағұсова БАҚ өкілдеріне қазақша сұқбат беремін деп күлкіге қалған.

«Азаттық радиосы» әзірлеген видеоматериалда Қасым Жомарт Тоқаевтың «бірінші сыныпқа ағылшын тілін оқыту қажет пе?» деп көтерген мәселесіне депутаттар жауап берген. Қарағұсова бұл сауалға қазақша жауап беруге тырысқан. Алайда, депутаттың қазақ тіліндегі жауабын желі қолданушылары күлкіге айналдырған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер