BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Ғалымдар: Компьютерлік ойындар баланы ақылсыз әрі ашушаң қылады

Компьютерлік ойындар кәмілетке толмаған балалар мен жеткіншектерді ашушаң етеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tirshilik-tynysy.kz сайтына сілтеме жасап.

Дартмут колледжінің әлеуметтанушылары мен психологтары компьютерлік кей ойындардың бала жүйкесіне әсер ететінін айтты. 17 мың баланы зерттеу кезінде Grand Theft Auto, Call of Duty, Manhunt ойындарының басқа ойындарға қарағанда баланы жанжал шығарғыш әрі ызақор ететіні анықталды.

Жеті жыл бойы байқау барысында – 2010 жылдан 2017 жылға дейін ғалымдар негізгі көрсеткіштер бойынша, соның ішінде жалпы қатыгездік, нақты эпизодтардағы зорлық-зомбылық деңгейі және жеке миссияларды орындаудың баламалы нұсқаларының жоқтығы туралы бейне ойындарын талдады. Зерттеушілердің арасында танымал GTA және Call of Duty деп аталатын ойындар, невростимулятор ретінде жетілмеген ойларға әсер етеді, жасөспірімдерді ата-аналарды, мектептегі мұғалімдерді қорлауға және құқық бұзушылықтарға мәжбүр ететіні белгілі болды.

Ал, Super Mario логикалық тапсырмаларға негізделген ойындар керісінше баланың ойының жетілуіне көмектеседі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер