BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Еуразия медиа форумына тіркелудің аяқталуына 3 күн қалды

Еуразия Медиа Форумының бас директоры Руслан Жемковтың хабарлауынша XV медиа форумының аккредитациясы 18 мамырға дейін жалғасады. Демек, форумға қатысушылар енді үш күн ішінде тіркеле алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Айта кету керек, тәуелсіз диалог алаңы атанып кеткен форум 8 жылдан кейін еліміздің оңтүстік астанасы Алматыға қайта оралып отыр. Іс-шара 22-24 мамыр аралығында The Ritz-Carlton отелінде өтеді.

Қазіргі таңда саяси ғылымдарының докторы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева басқаратын Ұйымдастыру комитеті жоба серіктестері және спикерлерімен келіссөздерді тәмамдап, бағдарламаны талдап, қатысушыларды тіркеумен айналысуда. Жуырда ғана «House of cards» (Карточный домик) саяси триллерінің авторы Майкл Доббс, «VICE News Tonight» кабельдік және спутниктік тележүйесінің шетелдік жаңалықтар бөлімінің басшысы Норин Джамиль, ресейлік қоғам қайраткерлері Ксения Собчак пен Максим Шевченко қатысатындығын растады.

Сонымен қатар тағы да биылғы форумның қатысушылары қатарында – ВВС телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы Гэвин Хьюитт; продюсер, режиссер, «Оскар–2016» номинанты («Зима в огне» деректі фильм) Евгений Афинеевский; америкалық политтехнолог, Барак Обама президенттігі кампаниясының екеуінде де кеңесші болған Роджер Фиск; CNN телеарнасының халықаралық жаңалықар бөлімінің редакторы Райан Смит; Францияның бұрынғы Көлік министрі, Ұлттық ассамблея депутаты Тьерри Мариани; Нобель сыйлығының лауреаты Мохан Мунасинге; ресей журналисі, продюсер әрі тележүргізуші Софико Шеварднадзе; Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығының Төраға орынбасары, баламалы энергетика бойынша 2 саммит ұйымдастырушысы Арман Қашқынбеков және т.б. бар.

Биылғы Форум тақырыбы «Эволюцияның 15 жылы: әлем қалай өзгереді және бізді қалай өзгертеді». Форум аясында қазіргі БАҚ ахуалы мен болашағы туралы, жаһандық әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелер талқыланады.

Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы ретіндегі Еуразия Медиа Форумының басты миссиясы - сарапшылар, саясаткерлер, экономистер, қоғамдық пікір иелерінің қатысуымен Қазақстанның, Еуразияның, тіпті бүкіл әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелерін талқылау.

Форум өз тарихында 6000 аса шетелдік қатысушыларды, олардың қатарында танымал журналистер, белгілі саясаткерлер, мықты экономистер, нобель сыйлығының лауреаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлерді Қазақстанға жинады.

Бұл ретте, форум ұйымдастырушылары Қазақстанның әлем алдындағы беделінің күн санап артып келе жатқандығын, форумның мұнда тиімді әрі заманауи құрал ретінде рөлін атап өтпекші. Форум өзінің белсенді жұмысының арқасында бүгінде дүние жүзі бойынша беделді медиа алаң атанған. Оның дәлелі ретінде 1500 айтулы БАҚ: Euronews, CNN, BBC, Associated Press Television News, Reuters, Bloomberg, New York Times, Al Jazeera English, ИТАР-ТАСС, РИА «Новости», РБК, Russia Today, Первый канал, ИА «Джихан» және т.б. қатысқандығы бола алады.

Биылғы форум тақырыптары: «Халықаралық қарым-қатынастағы эволюция», «Еуропалық одақ эволюциясы», «Қоршаған орта эволюциясы», «Ақпараттық технологиялар: нақты дерек пен фейк жаңалықтар», «Блогсфераның күшеюі: прогресс пе, әлде қауіп пе?» және тағы басқа.

Іс-шараның бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы.

XV Еуразиялық Медиа Форумға тіркелу 18 мамырға дейін жалғасады. Тіркеу үшін http://eamedia.org/ru/ сілтемесіне өтуге болады. Орын санаулы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер