BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Ескерту: Ертең Қазақстанның үш аймағында жел соғады

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес 18 мамырда еліміздің үш аймағында қатты жел болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

18 мамырда Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерінде 25 м/с болады. Кей жерде тұман түсіп, найзағай болуы мүмкін.

Астана қаласында күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша күндіз солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с болады. Петропавл қаласында күндіз солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерінде тәулік бойы найзағай, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
08 Желтоқсан 2018, 17:19
Марста да жел соғады екен
Пікірлер