USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Есікте Ж.Мусинованы жабылып зорлағандарға қатысты сот үкімі шықты

Есіктегі Еңбекшіқазақ аудандық соты Жібек Мусинованы зорлаған сотталушыларға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Асхат Бектұрсын 10 жылға дейін, Алмас Ермеков 9,5 жылға дейін, Ербол Ермеков 7,5 жылға дейін, ал Елтай Нұрбол 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылсын», - деді сот үкімін оқыған судья Ерлан Баймолдинов.

Осыған дейін Есікте жаппай зорлау оқиғасына қатысты сот тергеуінің қайта жүргізілетіні хабарланған болатын.

Еске салайық, бұл оқиға тамыз айында болған еді. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуыл жасаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады