Ертең Астанадағы Нұржол желекжолы бойында жол белгілерін сызу басталады - Қоғам|12 Маусым 2018, 09:03
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Ертең Астанадағы Нұржол желекжолы бойында жол белгілерін сызу басталады

Маусымның 13-і мен 20-сы аралығында Нұржол желекжолы бойындағы ақылы көлік тұрақтары аумағында жол таңбаларын сызуға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары кезінде төмендегі жол телімдері жабылатын болады.

Нұржол желекжолы бойында жол таңбаларын сызу кестесі: Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылына дейін 13-14 маусым, Түркістан көшесінің Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейінгі телім 15 маусым, Бәйтеректің айналасындағы телімдер 16 маусым, Ақмешіт көшесінің Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі телім 17 маусым, Ақмешіт көшесінен Нұржол көшесіне дейін 18-19 маусым, Нұржол көшесінің Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі телім 20 маусым.

Жүргізілетін жұмыстарға байланысты Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарынан келтірілетін уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер