BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Ертең Астанада бірнеше көше толық жабылады

Ертең елордада дәстүрлі марафонға байланысты бірнеше көше жабық болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«AstanaMarathon-2018» марафонын өткізуге байланысты 16 қыркүйекте (жексенбі) сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін марафонға қатысушылардың жүгіру бағыты бойынша транспорт құралдарының қозғалысы толықтай жабылады.

«AstanaMarathon-2018» қатысушылары екі қашықтықты еңсеруі тиіс: 10 км-ден 42,2 км-ге дейін.

Бұдан басқа, 11 автобус бағытындағы қоғамдық көліктің де қозғалысын уақытша тоқтату жоспарлануда. Осыған байланысты ІІД Әкімшілік полиция басқармасы астана тұрғындары мен қонақтарынан автокөліктегі қозғалыстарын алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерде кептеліс тудырмауын сұрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер