Ерлан Біләл сот міндеттеген соманы төлеу мерзімін ұзартуды сұрады - Қоғам|10 Мамыр 2018, 13:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Ерлан Біләл сот міндеттеген соманы төлеу мерзімін ұзартуды сұрады

Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының экс-директоры Ерлан Біләл сот төлеуге міндеттеген 52,5 миллионның 36 миллионын төлеген. Енді ол соттан қалған 16,5 млн теңгені төлеу мерзімін ұзартуды сұрап отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ерлан Біләл 52,5 миллион теңгенің 36 миллионын төледі. Енді қалған соманы төлеу мерзімін ұзартуды сұрап аудандық сотқа өтініш жазды», - деп хабарлады соттағылар.

Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтар күні Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алып жатқан жерінде ұсталды. 7 ақпанда сот оны айыпты деп танып, 52 500 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер