BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Енді алматылықтар көлікті көп құжатсыз жүргізе алады

Өткен аптада премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев Алматыға жұмыс сапарымен барды. Сол сапар аясында оған және қала әкімі Бауыржан Байбекке ішкі істер органының қызметкерлері Е-айыппұл жобасының қалай істейтінін көрсетті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Жоба таныстырылғаннан кейін қала әкімі әрбір полицейге планшет алуға қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Алматы - полицейлері планшетпен қамтылатын бірінші қала. Жеке куәліктен бөлек бірнеше құжат тасып жүрмейтін жобаны да осы қала бастайын деп тұр», - деп жазды Мусин.

Оның айтуынша, Асқар Жұмағалиев Алматы территориясында техникалық паспортты, сақтандыруды, техникалық тексеруден өткендігі туралы құжатты алып жүрмеуге рұқсат берді.

«Бірақ көлік жүргізу куәлігіне келгенде халықаралық талаптар алдымыздан шығады. Оларды алып жүрмеу туралы рұқсат берудің жолдарын ойлаймыз», - деп түйіндеді ол.

Фото: Бағдат Мусиннің Facebook-тегі парақшасынан


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер