BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Еңбекке қабілетті 300 мың мүгедек жұмыссыз жүр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі таңда еңбек етуге қабілетті 417 мың мүмкіндігі шектеулі адамның 30%-ы, яғни 127 мыңы тұрақты жұмыс орнында жұмыс істеп жатыр. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында осы жылы 15 мың адамның ішінде 6 379 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды,1300 адам қысқа мерзімді курстарға оқытуға жіберілді, 39 адамға өз бизнесін ашуға мүмкіндік берілді», - деді Әбілқасымова.

Министрлік биыл жұмыс берушілерді мүгедектерді жұмысқа орналастыруға ынталандыру мақсатында арнайы субсидия енгізген.

«Бұл субсидия жұмыс орындарын жабдықтауға кететін шығындарын бюджет тарапынан төлеуге мүмкіндік берді. Бірақ осы жылдан бастап 770 арнайы жұмыс орнын құруды жоспарлағанбыз. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар аталған шараны тиімсіз іске асырып жатыр. Нәтижесінде тек қана 88 жұмыс орны құрылды. Квота бойынша 2600 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл жоспардың тек қана 13,9%-ы пайызы. Бұл ретте квота келесі өңірлерде төмен орындалған: Шығыс Қазақстан облысында 2,5%, Павлодар облысында 3,9%», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Ол жаңа Ұлттық жоспар шеңберінде жұмыс орындарын квоталау және жұмыс берушілердің жұмыс орындарын құруын субсидиялау механизмдерін қайта қарау ұсынығанын және бұл жұмысқа «Атамекен» ҰКП тарту өте маңызды екенін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер