BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Астанада дауылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Ертең, 8 қарашада Астанада жел екпіні күшейіп, көктайғақ болады деп күтілуде.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше 8 қарашада Астана қаласында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші таңертең және күндіз 15-20 м/с жетеді.

Ал, Ақмола облысының кей жерлерінде 8 қарашада тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с құрайды.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер