Елордада жол ережесін бұзған 95 жүргініші әкімшілік жауапқа тартылды - Қоғам|11 Тамыз 2018, 16:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Елордада жол ережесін бұзған 95 жүргініші әкімшілік жауапқа тартылды

Фото: интернеттен

Жүргізушілер арасындағы көлік тәртібін сақтау, жол көлік оқиғасын төмендету, сондай-ақ жол ережесін бұзудың алдын-алу мақсатында Астана қаласының аумағында ағымдағы жылдың 8-10 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын- алу іс -шарасы өткізілді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу іс-шарасы шеңберінде Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметімен жол-көлік оқиғаларының өсуіне себеп болатын жол қиылысындағы ережені өрескел бұзуды анықтауға бағытталған бірқатар рейдтер жүргізілді. Полицейлер автокөлік жүргізушілерін алкогольді мас күйде жүргізіп жол ережесін бұзуды, жол қиылысындағы ережені бұзу, рұқсат берілген жылдамдықты жоғарылату, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолға шығу, жаяу жүргіншілер жол қиылысынан өтіп кету, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, сондай-ақ автокөлік жүргізушісі телефонмен сөйлесу сияқты т.б жол ережелерін бұзған азаматтарға көңіл бөлді. Сонымен қатар, көлік ұйымының өкілдерімен бірлесе отырып қоғамдық автокөлік жүргізушілері арасындағы ЖҚЕ анықтау күшейтілді. Жедел алдын-алу іс-шарасы барысында автожолдарда Астана қ. ІІД жол патрульіндегі аппарат қызметкерлерінің қадағалау жұмыстарының ауқымы күшейтілді.

Көбінесе жол жүру ережелерін бұзу фактілері бейнебақылау камерасымен анықталған, оның ішінде «Сергек» бейнебақылау кешенімен анықталған. Сонымен үш күндік «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында бейнебақылау жүйесіне 6000-ға жуық жол ережелерін бұзу фактісі анықталды. Полиция қызметкерлерімен 700-ден астам жол жүру ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде авариялық жағдай туғызғандар, мас күйде көлік басқарғандар, жаяу жүргіншілер жол өткелі белгіленбеген жолдардан өту бойынша 95 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер