BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Елордада алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлік форумы ұйымдастырылды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Астанада алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлер форумы өтті.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының кәсіпкерлікті қолдау кеңесінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Павел Казанцев, Green Tal әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Аскеров және бизнес құрылымдары, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Форумды «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы мен Green Tal әлеуметтік шеберханасы бірлесіп ұйымдастырды. Оған 20-ға жуық әлеуметтік салада қызмет атқарып жүрген ұйымдар қатысты.

«Қазіргі таңда Астанада 50-ден астам әлеуметтік кәсіпкер бар. Форум аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеде 22 әлеуметтік кәсіпкер қатысты. Бұл әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешіп жүрген азаматтар. Олардың компанияларында мүмкіндігі шектеулі жандар, жетімдер мен әлеуметтік аз қамтылған топтардың мүшелері жұмыс істейді», - деді «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев.

Осы орайда ол аталған форумның маңызын түсіндірді.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік – Еуропа мен Ресейде болып жатқан әлемдік тренд. Бірақ бұл елімізге енді кіргелі отыр. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған форум аталған саланы дамытуға тың серпін береді. Шара азаматтарға әлеуметтік кәсіпкер болуға ой салады деген үміттемін. Форум аясында әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің механизмдері талқыға салынады», - деді Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары.

Фото: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер