BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Еліміздің кей аймағында жел күшейіп, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК бүгін антициклонның әсеріне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек солтүстік-батыста, солтсүтікте және оңтүстікте жауын-шашын болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының түнде кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Еске сала кетейік, синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатыны туралы хабарлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер