USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Еліміздің бірнеше облысында күн суытады

Фото: Nur.kz

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

«18 қазанда күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында, 18 қазанда күндіз және 19 қазанда түнде Жамбыл, Алматы облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтілуде. Кей жерлерде көктайғақ, солтүстік-батыс пен батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 метрге дейін жетеді.

Ал 19-20 қазанда түнде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы -1-6 градусқа дейін, кей жерлерде – 9 градусқа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады