BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК бірнеше облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 29 желтоқсанда кей жерлерде қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Сонымен қатар, ертең Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты Алматы облысының таулы аймақтарында және Талас Алатау жотасында (Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында) 29 желтоқсанда қар көшкіні жүреді деп болжануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер