USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Қазақстанның барлық аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы жауын-шашынды, тек батыста күн ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Қазгидрометтің ақпаратынша, Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында – тұман, көктайғақ, жел тұрады. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады, көктайғақ, күндіз жел соғады. Алматы облысында тұман, жел. Қызылорда, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел соғады. Павлодар облысында тұман түседі.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады