BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз кей жерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 9 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Қостанай облысында батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с деп күтілуде.

9 қазанда күндіз Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл, 9, 11 қазанда күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел, 10-11 қазанда тұман күтіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер