BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Еліміздің бірақатар облысында дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы тәуліктерде еліміздің бірнеше облысында жел соғып, тұман түсетіндігін хабарлады.

22 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 25 м/с күшейеді.

23-24 қарашада кей жерлерде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің екпіні күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Астана қаласында 22 қараша күні тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал 23-24 қарашада бұрқасын соғады. 22 қараша күні таңертең, 23-24 қараша күндері тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

24 қараша күні Қызылорда, Жамбыл облыстарында, к24 қарашада Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарыныда жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер