BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, тек түнде және таңертең республиканың солтүстік-батысында, таңертең және күндіз оңтүстікте, күндіз батыстың кей жерлерінде аздаған жаңбыр жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның солтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жел күшейеді деп болжануда.

Батыс және солтүстіктің кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел күшейеді – 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер