BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжауынша бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыста түнде және таңертең тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Шығыс Қазақстанда түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман болады.

Түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер