Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, жаңбыр жауады - Қоғам|11 Тамыз 2018, 09:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, жаңбыр жауады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда 11 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің кей жерінде жауын-шашын болып, солтүстіктің жекелеген аудандарында найзағайлы нөсер жауады, дауыл және екпінді жел соғады.

Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, оңтүстіктің кей жерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы түнде кей жерде секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жел соғып, шаңды дауыл күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең дауыл күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

лматы облысында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер