BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Еліміздің басым бөлігінде аяз болады

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Жауын-шашынсыз, аяз күшейеді.

Еліміздің батыс аудандары - фронтальді бөліктердің орналасқан аймағы. Мұнда кей жерде жауын-шашын, көктайғақ болады, оңтүстікте, шығыста және орталықта жел сақталады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Aлматы облысында түнде кей жерде тұман түседі, жекелеген ауданында жел 18-23, екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер