BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Еліміздің басым бөлігінде ауа сапасы жақсарады

Астана. BAQ.KZ. Бүгін еліміздегі қалалардың басым бөлігінде метеорологиялық жағдай жағымды болады.

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында ауа сапасы қолайлы болады деп күтілуде.

Ал Атырау қаласында жағымсыз метеожағдай қалыптасуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер