USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Еліміздің басым бөлігінде – күшті жел, тұман, көктайғақ

Фото: PhotoCentra

29 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, солтүстік облыстардың кей жерлерінде күшті жел тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғып, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады деп болжануда.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында жел 17-22 м/с дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, аздап боран соғуы мүмкін.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с дейін жел күшейеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, аздап бұрқасындатады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ұқсас сілтемелер:
05 Желтоқсан 2016, 09:45
Қытайда ауа сатыла бастады
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады