BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Елiмiздегi барлық қылмыстың 14 пайызы мас күйде жасалған – IIМ

Фото: Нұржас Жақсыбай

Елiмiздегi барлық қылмыстың 14 пайызының себебi - iшiмдiк. Бұл туралы халық алдында есеп берген ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Елiмiзде iшiмдiкке салыну, отбасылық-тұрмыстық салада қылмыс жасау азаймай тұр. Қазiргi таңда үчаскелiк полиция инспекторларының профилактикалық бақылауында 67 мың iшiмдiкке салынған азамат пен 10 мыңнан астам нашар отбасы бар. Сондай отбасыларында 15 мың бала тәрбиеленiп жатыр. Әдетте, нашар отбасылардағы жанжалдар адам өлiмi мен басқа да тұрмыстық қылмыстарға әкеледi. Елiмiзде 2-3 аса ауыр қылмыс тiркелмеген бiр күн болмайды. Әдетте олар отбасылық-тұрмыстық салада iшiмдiкке салынған адамдар арасында болады. Елiмiздегi барлық қылмыстың 14 пайызының себебi - iшiмдiк», - дедi Қасымов.

Министрдiң айтуынша, мас күйiнде жасалған қылмыс деңгейi ең жоғары өңiрлер - Ақтөбе облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Маңғыстау облысы және Ақмола облысы.

«Әрине, бiз бақылауды күшейтiп, учаскелiк инспекторлардың жұмысын жетiлдiрiп жатырмыз. Осы салада әкiмдiктермен бiрiгiп, сәйкес шаралар қабылдаудамыз. Бұның басты проблемасы - iшiмдiкке салынғандарды мәжбүрлеп емдеу жүйесiнiң тиiмсiздiгi. Бұндай мекемелер саны тым аз әрi адамды емдеуге жiберу үшiн тым көп құжат талап етiледi. Осы мәселенi шешу керек», - дедi Қалмұханбет Қасымов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер