BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Елімізде жастар арасында суицид азайып келеді - Кəлетаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде соңғы жылдары жастар арасында суицид азайып келеді. Дегенмен, қазіргі көрсеткіш əлі де жоғары саналады. Қоғамдық даму министрі Дархан Кəлетаев осылай деді.

«Бізді жастар арасында кездесіп жатқан келеңсіз оқиғалар алаңдатпай қоймайды. Жасөспірімдер арасында суицид жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сəйкес, жыл сайын әлемде 67 мыңға жуық жеткіншек өз-өзіне қол жұмсайды екен. Статистика комитетінің мəліметінше, Қазақстанда жастар арасындағы суицид азайып келеді. 14-28 жас аралығындағы азаматтар арасында 2015 жылы 970 факт тіркелсе, 2017 жылы ол 818-ге азайған. Дегенмен, бұл көрсеткіш əлі де өте жоғары саналады", - деді Кəлетаев.

Министрдің айтуынша, статистика бойынша жыл сайын əлемде 15 миллионнан астам қыз 18 жасқа дейін ана атанады. Олардың 40%-ы түсік жасатады. Ал Қазақстанда жыл сайын бұндай жағдайға 15-18 жасқа дейінгі 5 мыңнан астам қыз ұшырайды екен.

Бүгін Астанада "Инвестиция - жастарға. Ешкімді тыс қалдырмайық" халықаралық конференциясы басталды. Шараға 35 мемлекеттің өкілдері қатысып отыр. Конференция екі күнге жалғасады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер