BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Елімізде мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталды

Фото: Хабар 24

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның баптарына сәйкес, сондай-ақ «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2018 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2018 жылдың 28 ақпанындағы Елбасының №644 Жарлығына сәйкес әскерге шақыру науқаны басталды.

«Бұл тек әскери басқару органдарында ғана емес, мемлекеттік деңгейде жүргізілетін үлкен іс-шара. Біріншіден, азаматтарды хабардар ету керек, екіншіден, оларды медициналық комиссияның сараптамасынан өткізу жұмыстыры жүргізіледі. Үшіншіден, әскерге жарамды жастарымыздың барлығын психологиялық–моральдық тұрғыда әскердің қай түріне дайын екенін анықтау және әскери бөлімдерді уақытымен толықтырып отыру жоспарлануда», - деді Астана қаласының ҚІД бастығының орынбасары Ғани Артықов.

Өз кезегінде Заңда белгіленген 12 айлық әскери қызметін атқарған Қарулы Күштердегі және басқа да әскери түрлердегі запастағы азаматтар үйлеріне қайтарылып отырады. Ал, олардың орны шақырылатын азаматтармен толықтырылады.

Оның айтуынша, осы жұмыстардың ішіндегі басты мәселе медициналық сараптамадан өткізу. Сараптама нәтижесінде біз еліміздегі жас азаматтардың денсаулығы қандай жағдайда екенін, аурудың қандай түрі көбейіп немесе төмендеп келе жатқанын анықтауға мүмкіндік болады.

«Өздеріңіз білесіздер, көп жағдайда жастар өздігінен медициналық тексерулерден өтпейді. Сондықтан біз осы сараптамалардың арқасында еліміз бойынша жастардың денсаулығына байланысты туындайтын проблемаларды да көтереміз. Оларды емдеу-сауықтыру жұмыстарын іске асырамыз», - деді Ғани Артықов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер