BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Елімізде күн 30 градусқа дейін ысиды

Алдағы күндері еліміздің көптеген облысында ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, тропосфералық солтүстік ағымдар батысқа ауысып, соның әсерінен Қазақстанға Атлантика аймағынан бірқалыпты жылы ауа ығысады. Тек алдағы бір-екі күн еліміздің солтүстігі, орталығы мен шығысында үсік жүреді. 15-16 қыркүйекте көптеген облыста күндізгі температура 20…28 градусқа дейін, ал оңтүстікте 26…31 градусқа дейін жоғарылайды.

Алдағы үш тәулікте жауын-шашын болмайды деп болжануда. Тек Қазақстанның батысында 14 қыркүйекте өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер