BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Елімізде демалыс күндері қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

«Қаргидромет» РМҚ 13-15 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның барлық аймақтарында қазанның бірінші онкүндігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2…5°С жоғары болды.

Бірақ оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысатын тропосфералық ағындар республикаға Қара теңізден жылы ауа, ал Баранцева және Карск теңізінен суық және дымқыл ауа массаларын әкелетін болады. Сондықтан демалыс күндері ауа райы жауын-шашынды, күшті ұйытқымалы желмен, әрі қарай ауа температурасының республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында төмендеуіне, таулы аймақтарда күшті жауын-шашын – жел, сулы қар, солтүстік облыстарда көктайғақтың болуы мүмкін деп болжанады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер