USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Ойыншықтардың 40 пайызында зиянды заттар бар

Фото: YouTube

Осы жылдың 9 айындағы балалар ойыншықтарына жүргізілген мониторинг нәтижесі ел нарықтарында сатылатын ойыншықтардың 40 пайызы сапасыз екенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Барлығы 1277 сынама алынды, оның 510-ы нормаға сәйкес келмейді. Сауда орындарын тексеру өнімдердің басым бөлігінде сапа және қауіпсіздік сертификаттары жоқтығын көрсетті. Бұдан басқа, тауарды таңбалауда талаптардың бұзылғандығы анықталды. Ойыншықтар санитарлық-химиялық, токсикологиялық көрсеткіштер бойынша қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Барлық қауіпті ойыншықтар айналымнан алынды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның деректеріне сүйенсек, сатылатын ойыншықтар мен ойындардың 90 пайызы Қытайдан әкелінеді.

«Ойыншықтар БҚО, СҚО, Қызылорда облысы, Ақтау қаласы және Қазақстанның басқа да ірі қалаларынан тәркіленді», - делінген хабарламада.

Рудныйда Paw Patrol ойыншықтары органолептикалық, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтіні анықталды, иісі басым, құрамында фенол бар.

Қызылордада «Шахмат» және «Шашки/Шахматы/Нарды» үстел ойындарында формальдегид көп мөлшерде екені анықталды. Жамбыл облысында «KaiZhi Tidland eden құмсалғышында формальдегид табылды. Барлығы Қытайда шығарылған.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады