BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Елімізде аптаның соңында қар аралас жаңбыр жауады

Фото: ptzgovorit.ru

Синоптиктер 6-8 қыркүйек аралығында ауа райы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтар Қазақстанның солтүстік бөлігінде жоғары циклон қалыптаса бастағанын айтты. Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы осы циклонға тікелей байланысты болмақ.

«Жауын-шашынсыз бірнеше күннен кейін алдымен еліміздің солтүстік, одан кейін орталық, шығыс бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал. 8 қыркүйек күні жауын соңы қарға ұласуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде күн ашық болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер