BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Елімізде Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштерінің картасы іске қосылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштері туралы ақпарат беретін картаны іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жаңа құрал жұмысымен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ сайтында танысуға мүмкіндік бар.

«Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштерінің картасын» жасаудағы басты мақсат – халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі көрсеткіштерімен ақпараттандыру, жұмыс істейтін халықты қосымша әлеуметтік қолдау бойынша өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндіру», - дейді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының президенті Сауле Дүйсенова

Картада міндетті әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік аударымдардың сомасы, сондай-ақ, әлеуметтік төлем алушылар саны, аударымдардың орташа мөлшері мен жалпы сомасы туралы мәлімет жинақталған.

Бұл ақпараттық қызмет мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілерге, сонымен бірге азаматтарға да қажет. Бүгінгі таңда Карта еліміздегі әрбір аудан орталықтары бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы негізгі мәліметтерімен танысуға мүмкіндік береді.

Картаны жетілдіру жұмыстары әлі де жалғасын тауып, одан әрі өзекті көрсеткіштермен толықтырылатыны көзделіп отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер