BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Елімізде 5 мыңға жуық сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін 

Қазақстанда қылмыстық процесті гуманизациялау аясында қабылданған заңға сәйкес 5 мыңға жуық азамат бостандыққа шығарылуы мүмкін. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров бас прокуратураның алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жаңа институттарды енгізу нәтижесінде құқық қорғау жүйесінің жалпы қызметі қайта жасақталды. Бұл жұмыстың нәтижесі де бар. Ұсталғандардың саны үш есеге – 8,4 мыңнан 5,8 мыңға дейін азайды және қамауға алынғандардың саны 6,8 мыңнан 4,8 мыңға дейін төмендетілді. Прокурорлар 6 айда құқық қорғау органдары мен уақытша ұстау изоляторындағы қызметтік кабинеттерден 3,5 еседен астам азаматты босатты. Яғни, бұл 126-дан 423-ке дейінгі көрсеткішті құрайды», - деді Бас прокурор.

Қожамжаров еліміздегі қылмыстық процесті гуманизациялау аясында Бас прокуратура арнайы заң жобасы әзірленгенін айтып, құжаттың басты қағидаларына тоқталды.

«Қылмыстардың 260 құрамы бойынша қоғамдық жұмыс пен бас бостандығынан шектеу енгізілуде. Айыппұл көлемі төмендетіліп, 36 құрам бойынша бас бостандығын шектеу мерзімі азайтылуда. Ауыр қылмыстар бойынша жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі 5 жылға қысқартылып отыр. Жалпы, бұл 5 мыңға жуық сотталған азаматты бостандыққа шығаруға мүмкіндік береді», - деген ведомство басшысы заңдылықты нығайту бойынша жұмыстар жалғасын табатынын айтты.

Айта кету керек, аталған заңмен Қылмыстық кодекстің 255-бабына, Қылмыстық-процестік кодекстің 16-бабына және Қылмыстық-атқару кодексінің 6-бабына сәйкес өзгертулер енгізіліп отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде прокурорлық қадағалау нәтижесінде 3 млн азаматтың құқығы қорғалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер