Экологтар Астананы көк түтіннен қалай арылтуға болатынын айтты - Қоғам|12 Қаңтар 2018, 17:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Экологтар Астананы көк түтіннен қалай арылтуға болатынын айтты

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «G-Global «жасыл экономика» мен даму коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова алдағы уақытта қаладағы ЖЭС-2-ні цифрландырудан өткізу мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Кеше біз өндірістік объектілерді сандық технологияларға көшіру мәселесін қарастырдық. Елбасы Жолдауында бұл жұмыстар пилоттық жоба негізінде жүзеге асырылуы қажет екенін айтты. Осы орайда біз кеше Астана қаласының әкімдігіне шаһардағы ЖЭС-2-ні цифрландыруға ұсыныс білдірдік. Бұл бағыттағы жұмыстарды Қазақстан мен Ресейдің біріккен компаниясы жүзеге асырады. Егер әкімдік жоғары аталған компанияның талаптарымен келіссе, екі жақты серіктестік өз нәтижесін берсе, алдағы уақытта аталған өндірістік объектіні цифрландырудан өткіземіз», - деді ол.

Алайда Салтанат Рахымбекова бұл жұмыстардың қашан нақты жүзеге асырылатынын айта алған жоқ. Алайда ол аталған жоба Астананы көк түтіннен арылтуға септігін тигізетініне сенімді.

«Бүгін біз аталған компаниямен кешкі 5-те кезігеміз. Компанияның нақты атын айтпай-ақ қояйын. Ендігі аптаның сейсенбі күні Астана әкімдігінің өкілдерімен кездесеміз. Ол туралы кешегі дөңгелек үстелде сөйлестік. Онда Астананың экологиясына қатысты мәселелер талқыланды. Біздің қауымдастық қалалық қоғамдық кеңес пен Астана қаласының әкімімен меморандумға қол қойды. Аталған дөңгелек үстелге біз экологтарды да шақырдық. Қаладағы экологиялық мәселелерді шешу жолдарын қарастырдық. Оның ішінде смог мәселесі де бар. Сондықтан екінші жылу электр станциясын цифрландырудан өткізетін болсақ, бұл аталған станциядан шығатын қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді сөзін Салтанат Рахымбекова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер