BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Экологтар Астананы көк түтін басу себебін түсіндірді

Фото: Нұржас Жақсыбай

Елордалықтар қаланың кейбір аумағын тұман басып, тіпті кей көшелерде түтін иісінен тыныс алу мүмкін болмай қалғанын айтып жатыр. Ал экологтар Астананы көк түтін басу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қалада көмірдің жоқтығынан жекеменшік сектордағы тұрғындар резеңке жағуға мәжбүр. Соның салдарынан көшелерді буалдыр түтін басып қалды. Тыныс алу мүмкін болмай кетті», - деп тұрғындар әлеуметтік желілерде өз жорамалдарын айтып, атқарушы билікке наразылығын білдіріп жатыр.

Ал Астана қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Мансұр Ошырбаев «қала көшелерін тұман мен ыс иісі алып кетуінің басты себебі-атмосфераның төменгі және жоғары қабатында ауа алмасу әлсіздігі, яғни, желдің болмауы» дейді.

«Қала ішінде желдің жылдамдығы соңғы күндері 0-0,9 м/с болса, ауа ылғалдығы 79 пайызды құрады. Нәтижесінде жекеменшік жер үйлер мен жылу электр стансаларының мұржасынан шыққан түтін тарамай қалады. Ауаның еркін алмасу процесіне аспанмен таласқан биік ғимараттар да кедергі келтіреді. Сонымен қатар, автокөліктерден бөлініп шығатын зиянды түтін де ауаның ауырлауына әсер етеді», - дейді Мансұр Ошырбаев.

Департамент басшысының айтуынша, тұман мен түтіннің көмір тапшылығы мен отын сапасына қатысы шамалы.

Астана әкімдігінің мәліметінше, «Қазгидромет» РМК бекеттерінде орнатылған ауа сапасын анықтайтын құрылғылар көрсеткішіне сәйкес, елордадағы ауаның ластану деңгейі дабыл қағарлықтай емес.

Атап өтсек, жылу маусымы басталғалы бері Астананы қою түтін басты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер