BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Екібастұзда ашық аспан астында жаңа бассейн ашылды

Фото: pavlodarnews.kz

Екібастұз қаласының «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында ERG мен Павлодар облысы әкімдігі арасындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында бассейн ашылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім деді. Саябақты жаңғыртып, абаттандыруға 300 млн теңге бағытталған. Бассейн аптаның соңына дейін тегін болады. Жұмыс уақыты сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін. Жылдың ыстық мезгілінде жұмыс істейді.

«Бүгінгі жүзу алаңы көптеген балақайларға қуаныш сыйлап, ата-аналарымен бос уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізеді деген үміттемін. Барлықтарыңызды нысанның ашылуымен құттықтаймын. Еліміздің жұлдызды спортшылары осы жерден жаттығып шығатынына сенімдімін», - деді мердігер ұйым «Связь деталь» ЖШС-нің басшысы Қайрат Қақашин.

«ЕЭК» АҚ «Восточный» разрезінің өкілі Рустам Маманжановтың айтуынша, мұның барлығы күн санап көркейіп жатқан қаламыз бен тұрғындарымыз үшін жасалуда. Балалардың жүзіндегі қуаныш жиналғандарға жылылық сыйлайды.

Тереңдігі 1,5 метр монолитті бассейнге бір мезетте 100 адам шомыла алады. Ені – 12, ұзындығы – 28,67 метр. Келушілер жайлылығы үшін барлық аумақ бойында кеспе тас төселген, әжетханалар, жатақтар мен шешінетін орындар бар. Бассейн тазалау фильтрлерімен жабдықталған, бұл судың әрдайым таза болуын қамтамасыз етеді. Шомылу үшін саябақтағы медициналық пунктен тексерілу керек немесе міндетті түрде өздерімен бірге денсаулығы туралы анықтама болуы шарт. Бұдан басқа, Еуразиялық Топ меморандумы шеңберінде 4 мың орынға есептелген эстрадалық-сахналық алаң (амфитеатр) құрылысына қаражат бөлгендігін айта кеткен жөн. Екібастұздағы бұқаралық іс-шаралардың басым бөлігі осы «Шахтер» саябағында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер