BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Екі облыста дабылды ескерту жарияланды

Фото: интернеттен

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

13 қыркүйек күндіз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавл қаласында 13 қыркүйек күні күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болуы мүмкін.

13, 14 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының кей жерінде 2 градус үсік жүреді. 13 қыркүйекте тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Кей жерде тұман түседі.

Тараз қаласында 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер