BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

«Эйр Астана» Атырау-Франкфурт рейсін ашады

Фото: Kursiv.kz

2018 жылдың 26 наурызынан бастап ұлттық тасымалдаушы Атырау мен Франкфурт арасында дүйсенбі және жұма күндері Airbus A321-де екі класты ұшағымен (бизнес-класта 28 орын, эконом-класта - 151) ұшуларды бастайды. Атыраудан Франкфуртқа ұшу уақыты 5 сағатты құрайды. Ұшу Lufthansa-мен кодшеринг туралы келісімі аясында жасалады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Біз аймақтағы корпоративтік клиенттеріміздің саяхатын ыңғайлы ететін жаңа бағыттың ашылуы туралы қуана хабарлаймыз. Көмірсутек секторы үшін Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан Атырау қаласы ерекше маңызды. Сондай-ақ, Lufthansa компаниясымен бірлескен ұшу туралы келісімшарттың кеңеюіне қуаныштымыз, ол жолаушыларға Lufthansa жаһандық ұшу желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді», - дейді «Эйр Астана» әуекомпаниясының маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ричард Леджер.

Өткен жылдың наурыз айында Астана мен Франкфурт арасындағы кодшеринг келісіміне қол қойылған сәттен бастап, «Эйр Астана» Франкфурттегі 1-терминалына рейстерін ауыстырды, бұл екі әуекомпанияның рейстері арасындағы түйісу уақытын қысқартты.

Атырау-Франкфурт рейсі - Франкфурт және Қазақстанды байланыстыратын үшінші бағыт, Астанадан күнделікті рейсімен және Оралдан апта сайын рейсімен қосқанда. Сондай-ақ, жолаушыларға аптасына Алматы мен Франкфурт арасында кодшеринг келісімі аясында Lufthansa-мен орындалатын жеті рейс қолжетімді болмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер