BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: Caravan.kz

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, республиканың көптеген бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланыстыауа райы тұрақсыз болады, соған байланысты жауын-шашын, солтүстікте кей жерде қатты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік, және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін. Кей жерде жел күшейіп, тұман, солтүстікте көктайғақ, бұрқасын байқалады.

Aқмола облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, кей жерде қатты жауын-шашын, түнде және таңертең кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын сақталады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын байқалады.

Түнде Aқтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз кей жерінде, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында жел 15-25 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Aтырау, Батыс Қазақстан, түнде Aлматы облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер