BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

ДСМ комитетінің бұрынғы төрағасына әзербайжандық кәсіпкерден пара алды деген күдік тағылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Назарбек Бейсенге қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ол Әзербайжан Республикасының кәсіпкерінен Қазақстан Республикасында тизабри препаратын енгізуге және одан әрі қамқорлық жасау үшін 100 мың АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде. Бұл ретте Бейсен өзінің келіскен шартын орындамағандықтан пара берген тұлға кейіннен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросына арызбен хабарлаған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Күдікті үйқамаққа алынды», - деді Жақин.

Айта кетсек, бүгін брифинг барысында Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтың ұсталғаны хабарланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер