BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

ДҚҚ жұмыс тобы Алматыда арыз-шағым қабылдауды жалғастырады

Алматы, BAQ.KZ. Төрт күннен бері Алматыда Дүниежүзі қазақ қауымдастығының өкілдері шеттен келген қандастардан арыз қабылап жатыр.

"Шағымы бар адамдар болса, Алматы қаласы Уәлиxанов көшесі 43 үйде орналасқан Қауымдастықтың 4- қабатында күнделікті жұмыс уақытында баруға болады. Жұма күннен бері жиналған 40-тай арызды Астанаға жіберілді. Ендігісің аптаның соңында тапсырамыз" - дейді жұмыс тобының басшысы ДҚҚ Астана мен Ақмола облысы бойынша филиал директоры Қарлығаш Бекпатшақызы.

Оның айтуына қарағанда, Қауымдастық Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков "әр қандастың шағымы бойынша қатысты орынға кірем, ҚР Сыртқы істер министріне, Қытай елшісіне кіріп, әр қандастың мәселесін жеке-жеке айтамын деді" деп отыр.

"Елбасымыз өзі басқаратын қоғамдық ұйым өкілдері бұған дейін де осы мәселе бойынша қатысты орындармен келіссөз өткізіп келген. Алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмыс істей беретін боламыз" - дейді жұмыс тобының басшысы Қарлығаш Бекпатшақызы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ДҚҚ қандастармен жұмыс істеу бойынша арнайы топ құрылып, Алматыда өз жұмысын бастағаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер