BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамау мерзімі тағы 15 тәулікке ұзартылды

Астана, BAQ.KZ. Алматыда Денис Теннің өліміне күдікті 3 адамды қамауда ұстау мерзімі тағы 15 тәулікке ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілердің бірі ҚР ҚК 434-бабы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша айыпталған Ж.Толыбаева қамауда 22 қарашаға дейін отыратын болды. Ал ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Арман Құдайбергенов 19 қарашаға дейін қамауда отырады. ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Нұралы Қиясовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Ол 18 қарашаға дейін қамауда болады», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер