BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Денис Тенді еске алу баннерін жасаушылар кешірім сұрады

Фото: Әділет Мұсахаев

Алматы, BAQ.KZ. Баннерді жасаушылар онда кеткен қате үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Zakon.kz порталы жазды.

«Құрметті оқырмандар және Денис Теннің барлық жанкүйерлері. Баннерде кеткен қате үшін кешірім сұраймыз, онда Олимпийских игр сөзінің орнына "Олимпиский игр" деп жазылған. Стендті безендіруде жіберілген қате үшін кешірім өтінеміз. Бізге осы стендті жасауды тапсырды, алайда мәтінді теру кезінде жаңылысып қалдық. Бұл қасақана жасалған жоқ. Біз де миллиондаған қазақстандықтар сияқты атақты чемпионымыз үшін қайғырудамыз», -дейді "S-Print" ЖК директоры Серік Сыдықбекұлы.

Еске салсақ, бүгін Сочиде өткен Қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің туып-өскен үйіне спортшының мемориалдық тақтайы орнатылды. Салатанатты шараға ресейлік жаттықтырушы Татьяна Тарасова, әнші Роза Рымбаева және қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысқан еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер