BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Денис Тен тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды

Фото: Автор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда спортшы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен туып, өскен үйінің маңдайшасына мемориалдық тақта қойылды.

Салтанатты жиынға Денистің бапкері болған әрі КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова, спортшылар мен қоғам қайраткерлері келді.

Көзіне жас алып, спортшыны еске алған жаттықтырушы Денистің тек Қазақстанда тұрып, осы елдің атағын шығарғысы келгенін жеткізді.

«Денистің өнерін тамашалаған миллиондаған халық картадан Қазақстанды іздеді. Өйткені екінің бірі ол елдің қайда екенін біле бермейді. Денис арқылы көпшілігі бұл ел жайында білді және бұл шындық. Денис өз елінің даңқты ұлы. Маған онымен жұмыс істеу бақыты бұйырды. Мен көп шәкірт тәрбиеледім, алайда Денистің орны ерекше. Ол өз мамандығына жан-тәнімен берілген адам», - дейді ресейлік жаттықтырушы.

Сондай-ақ Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова да Денис жайлы естелігімен бөлісті.

«Ол өте интелектуал адам еді. Оның қызықты әңгімесін үнемі тыңдай бергім келетін. Оның жарқын бейнесі біздің есімізде мәңгі қалады», - дейді ол.

Жиын барысынада сөз сөйлеген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев алдағы уақытта қалада спортшыға арналған ескерткіштің бойкөтеретінін жеткізді.

«Денистің еліміз бен спорт үшін атқарған еңбегі орасан. Оны есте сақтау үшін түрлі шаралар өткіземіз. Денис атында Қор ашылады, оның офисі «Халық арена» спорт кешенінде болады», - дейді әкімнің орынбасары.

Естеріңізде болса, бұған дейін мемориалдық тақта ашылатыны туралы жазған болатынбыз.

Фото: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер