BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Денис Тен ісі. Үшінші күдіктінің есімі белгілі болды

Алматы қалалық соты Олимпиада жеңімпазы Денис Тен өлімі туралы іске қатысы бар үшінші күдіктінің есімін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үшінші күдікті Жанар Толыбаева есімді азамат болып шықты. Алмалы аудандық сотының шешімімен Жанар Толыбаева 2 айға қамауға алынды.

«Жанар Толыбаева ҚР ҚК 434-бап бойынша «Алдын ала дайындалған немесе жасалған ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін», 188, 2 б., 1 б. «Алдын ала сөз байласу бойынша ұрлық жасау» бабына сәйкес тұтқындалды», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Бас прокуратура аталған іске қатысты үшінші күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады. ҚР Бас прокурор орынбасары Марат Ахметжановтың сөзінше, күдікті қылмыс туралы біліп тұрып хабарламаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер