BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының үлкен бөлігі бұрыңғыдай Сібір антициклонының ықпалында болса да, тропосферадағы ауа ағындары өз бағыттарын солтүстіктен батысқа ауыстыра бастайды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Алдағы демалыс күндері ауа температурасының көтерілуі болжанады.

"Орталық Азия бойынша болжау аралығында Жерорта теңізінің шығысынан циклондардың жылжуы, ал олармен байланысты атмосфералық фронттар республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынды, көбінесе қар, тұман және көктайғақ әкелетін болады" - делінген хабарламада

Сондай-ақ республиканың батысында атмосфералық фронттардың салдарынан жауын-шашынды, көбінесе қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Және Қазақстанның басқа аумақтарына қарағанда, температураның төмендеуі байқалатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер